Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 2023-2024 оқу жылында арнайы маманның атқарған жұмыстарына ТАЛДАУ » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7284) 04-60-14
Есепші бөлімі:
+7(7284) 04-60-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 2023-2024 оқу жылында арнайы маманның атқарған жұмыстарына ТАЛДАУ
03
июнь
2024

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 2023-2024 оқу жылында арнайы маманның атқарған жұмыстарына ТАЛДАУ


Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің

2023-2024 оқу жылында арнайы маманның

атқарған жұмыстарына

ТАЛДАУ

Арнайы маман: Кусаинова Фариза Бериковна

Еңбек өтілі: 6 жыл

Білімі: жоғары

  Арнайы педагогтің 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық жұмыс, білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау, оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау, кеңестік-әдістемелік қызмет, өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ұйымдастырушылық   жұмыс

  Қыркүйек айының 4-15 аралығында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға терең педагогикалық диагностика жүргізу мақсатында оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар, оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а, 2б), оқушылардың негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің бланкілері дайындалды. Оқу жетістіктерінің бланкілері негізгі пәндердің (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану) оқу бағдарламаларының мазмұны негізінде жасалды. Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылып, мамандар құрамы, жылдық жұмыс жоспарлары және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырыстарының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, ата-аналарға кеңесті тіркеу журналы, мектеп мұғалімдеріне кеңесті тіркеу журналы, оқушылардың сабаққа қатысуын тіркеу журналдары бекітілді.

  Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау 

    Арнайы педагогикалық диагностикаға ПМПК қорытындысы бар 2  оқушы және мектеп мұғалімдерінің сұраныстары бойынша (7-форма) 14 ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы диагностикаға алынды. Барлығы 16  оқушы арнайы педагогикалық диагностикадан өткізілді.

 Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-логопед, педагог-психолог) оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (форма 2а, 2б) толтырылды.

 Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар (1а, 1б формалары), оқушылардың коммуникативті паспорттары толтырылып, зерттелді. 

  Терең арнайы педагогикалық диагностикада оқушылардың негізгі пәндердің оқу бағдарламаларын (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) меңгеру деңгейі анықталды, оқу жетістіктерінің карталары толтырылды. Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін арнайы мамандар (арнайы педагог, педагог-логопед педагог-психолог, әлеуметтік педагог) анықтап, ұжымдық талқылау жүргізілді. (Әр оқушыға 3-форма, 4-форма, 5-формалары толтырылды)./https://instagram.com/p/C7eLi-ki1Mb/

  ПМПК қорытындысы және терең педагогикалық диагностика нәтижесінде 2 оқушыға жеке оқу бағдарламалары және 14 оқушыға бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары әзірленді.

  Оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау

  Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзете-дамыту сабақтары жүргізілді. Түзете-дамыту сабақтары екі негізгі пәнді біріктіре отырып өткізілді.

  Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары және оқу жетістіктері карталары толтырылды. Бірінші жартыжылдықтан кейін және оқу жылының соңында түзете-дамыту жұмыстарына мониторинг жасалды. 2 оқушы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырысының шешімімен ПМПК жолданды,   ол оқушыларды жыл соңына дейін бақылауда болсын деген қорытынды әкелінді. Жеке оқу бағдарламасымен оқитын оқушыларда негізгі пәндер бойынша динамика байқалады (жетістіктер картасында белгіленді).

Кеңестік-әдістемелік қызмет

  2023 жылдың 4-15 қыркүйек айы аралығында  ЕББҚ ететін оқушылардың сынып жетекшілері мен мектеп мұғалімдеріне  (Мектеп мұғалімдеріне арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) және 14 ата-анаға  (Ата-аналарға арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық-педагогикалық және әдістемелік кеңестер берілді.

  Қыркүйек айында Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің ПМПК қорытындысына сәйкес ЕББҚ бар оқушылардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының мазмұнын нақтылау туралы ақпар беріліп, баяндама оқылды. Баяндамада инклюзивті білім беруде басшылыққа алынатын заңнамалар туралы айтылды.  ҚР Білім туралы 2007 жылғы  27 шілдедегі №319 Заңы бойынша 2-3) оқу бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру мәселелері қарастырылды./https://instagram.com/p/C7eLi-ki1Mb/

Қазан айында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу» тақырыбындағы семинар өткізілді./https://instagram.com/p/C55kvdICnAT/

Қараша айында «Инклюзивті білім беру жағдайында сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырудың жолдары мен құралдары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Желтоқсан айында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бағалаудың міндеттері мен функциялары» тақырыбында мұғалімдермен семинар-практикум өтті. Семинарға мектеп мұғалімдері, мамандар қатысты. Семинар барысында мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық көмектің дұрыс ұйымдастырылу жолдары көрсетілді.

https://www.instagram.com/reel/C22DbOmCz9R/?igsh=dHpsbWdoNWtycHYx

    Қаңтар айында «Жалпы білім беру ұйымдарында білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастырудың 5 шарты» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

   Ақпан айында «Педагогтардың және   мамандардың пәнаралық әрекеттестігі» атты сабақ өтті.

    Наурыз айында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қолдау моделін қалыптастыру» семинары өткізілді. Семинарға мектеп мұғалімдері, мамандар қатысты. Семинар барысында мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық көмектің дұрыс ұйымдастырылу жолдары көрсетілді.

https://www.instagram.com/p/C2znoxAC08W/?igsh=MXcwcDl5eGxramk5YQ==

    Сәуір айында «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуда тиімді әдістер мен технологияларды енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында  семинар-практикум өткізілді. Семинар барысында ЕББҚ ететін оқушылардың танымдық қабілетін, қарым-қатынасын ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойын-жаттығу түрлері көрсетілді. Семинар спикерлері ЕББҚ ететін оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталды. ЕББҚ ететін оқушылардың ойын әрекетіндегі қарым-қатынасын жақсартуға арналған бірнеше ойындарды көрсетіп, іс-тәжірибемен бөлісті.

    Ал ата-аналармен, жоспарға сәйкес 21 қыркүйек күні 1-4 сынып ата-аналарына педагог-логопед, педагог-психолог, әлеуметтік педагогпен бірлескен «Баланың бас ұстазы-ата-ана» тақырыбында пайдалы кеңес айдары өткізілді. Жиналысқа 19 ата-ана қатысты. Жиналыс барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарымен арнайы сұхбат-әңгіме жүргізілді. Ата-аналармен ойын-тренингтер ойнатылып, ата-ана тарапынан туындаған сауалдарға жауап беріліп, өзара пікір алмасты. 

https://www.instagram.com/p/C2j4ckPCTLq/?igsh=MWdpdWw4aDZwaW42cQ==

    Қыркүйек айының 28 жұлдызында жоспарға сәйкес кезекті ата-аналармен жұмыс өткізілді. Жиналысқа 12 ата-ана қатысты. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарынан сауалнама алынып, саралау жасалып, сауалнама қорытындысы таныстырылды. Сонымен қатар тренинг ойнатылып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

    Қыркүйектің 29-нда сұраныс бойынша ата-аналарға кеңес берілді. Атап айтқанда, Вовка Хуралай өзінің қызы Темірбекқызы Назерке жеке тұлғалық қабілетіне байланысты ойымен бөлісті. Қызының үлгермеушілігіне байланысты арнайы көмек беруін сұрады. Ата-ананың сұранысы бойынша, үлгермеушілігіне байланысты Темірбекқызы Назерке жеке сабақ кестесі жасалды. 

     Қараша айының 16 жұлдызында Айтмолда Ералының апасы Нақысбекова Алия келіп сұхбаттасты. Ералының сабақта олқылықтарының жойылып жатқандығын, атап атқанда көбейту кестесін жатқа біліп, баған түрінде көбейтіп, бөлуді үйренгендігін мақтана айта өтті. Сондай-ақ, минутына 30-35 сөз оқып отырғандығын айта өтіп, рахметін білдіре кетті. 

    Кезекті ата-анамен жиналыс желтоқсан айының 4-нде өтті. Жиналыс барысында «Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас»тақырыбында баяндама оқылды. Одан соң ата-аналармен тренингтер ойнатылды. Ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті.

https://www.instagram.com/reel/C0BI1H1CVik/?igsh=ODJ5endmZ3VwMGU0

    Желтоқсанның 19-нда ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарымен І жартыжылдық жұмыс нәтижесін талқылау мақсатында ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыс барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер жеке-жеке талқыланып, талданды.

    Қаңтар айының 16 жұлдызында 1-сынып ата-аналарымен сұхбат жүргізіліп, тренинг өтті. Жалпы 11 ата-ана қатысты.

    21 ақпанда сұраныс бойынша Темірбекқызы Назеркенің ата-анасы келіп сұрақ-жауап алынып, кеңес берілді.

    11 сәуірде Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарына сауалнама жүргізілді.




   Өзін-өзі дамыту

     04.03-14.03.2024 аралығында «Өрлеу» «Ерекше білімді қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде дефектолог-мұғалімдердің түзету-дамыту қызметін оңтайландыру» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын оқып, сертификаты алынды.

Аудандық бірнеше семинарларға қатыстырылды.

«Кедергісіз келешек»

«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері»

   «Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру»

   «Педагог-психологтің кәсіби өсу жолында аудандық жобаның жүзеге асырылуы. Психологиялық-педагогикалық өолдау қызметін ұйымдастыру»


  2023-2024 оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді және мектептің әлеуметтік желісіне салынып отырды. 

https://www.instagram.com/p/C2j4ckPCTLq/?igsh=MWdpdWw4aDZwaW42cQ==

https://www.instagram.com/p/C2znoxAC08W/?igsh=MXcwcDl5eGxramk5YQ==

https://www.instagram.com/reel/C0BI1H1CVik/?igsh=ODJ5endmZ3VwMGU0

https://instagram.com/p/C7eLi-ki1Mb/

https://instagram.com/p/C55kvdICnAT/

https://www.instagram.com/reel/C22DbOmCz9R/?igsh=dHpsbWdoNWtycHYx

https://www.instagram.com/reel/C3Pt00nqCzO/?igsh=a3o0aWs3Z2Flcnh5

https://www.instagram.com/reel/C4pnSw1iZXS/?igsh=MW93NmxudmNjOGhwcw==

https://www.instagram.com/p/C5qv1CLiLso/?igsh=MWdkZ3ljenRubDJqeA==

https://www.instagram.com/p/CxxkpV3Krwz/?igsh=MWpwdzhtbnc1bGFzNg==

https://www.instagram.com/reel/C55kvdICnAT/?igsh=MW9tbGhxNnZqNzZjdQ==

https://www.instagram.com/p/C6LRj40iy-a/?igsh=MTdtbzNma3ZjaXV2cA==

https://www.instagram.com/p/CxHk1fCK1EN/?igsh=YXZ0MmVpNGFjbzRk

https://www.instagram.com/reel/CxKsTwKK5RO/?igsh=MTNvbjYycGU4Z3J0Zw==

https://www.instagram.com/reel/CxP4Ik8qBKp/?igsh=MXNjZjBhMzBna29yNA==
























2023-2024 оқу жылындағы арнайы маманның

SWOT ТАЛДАУЫ

Мықты жақтары:

1.Жылдық  жоспардағы     жұмыстардың  уақытылы, өз деңгейінде өткізіліп отыруы.

2.Арнайы маман мінез-құлқында кемшілігі бар балаларды емес, оқу-жазуында қиындық тудыратын балаларды үйрететіндігіне семинарға қатысқан ата-аналардың көз жеткізуі.

3.Тізімдегі оқушылардың  сабақ кестесіне сай келіп отыруы.

4.Мамандармен, сынып жетекшілермен және пән мұғалімдерімен     жұмыстың бірігіп жасалуы

5.Үйде оқитын оқушылармен жұмыстың жүйелі жүргізілуі 

Әлсіз

1.Ата-ана тарапынан оқушыға қолдаудың болмауы

2. Білім алушылардың есте сақтау қабілетінің төмендігі

3.Кеңестер айдары әлеуметтік желіге жарияланбауы


Мүмкіндіктері

1.Алдағы жылы терапиялық бұрыш жасау

2.Жұптық және топтық сабақтардың санын көбейту

Қауіпті

1.Кейбір ата-аналардың балаларын  арнайы  маманның сабақтарына қатыстыруды ұят санауы 

Шешу жолдары:

1. Ата-аналарға жекелей кеңес беру жұмыстарын жандандыру

2. Арнайы маманмен жұмыс жүргізудің қаншалықты маңызды екенін түсіндіру

3. Білім алушыларды қызықтыру және нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізу мақсатында терапия бұрышын жасау.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив