«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу»
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу» тақырыбындағы семинардың өтілуі туралы
Х А Т Т А М А
Күн тәртібінде:
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу»
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша арнайы маман Ф. Кусаинова сөйледі. Ол өз сөзінде ЕББҚ бар оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу туралы тоқталып өтті. Жеке оқу бағдарламаларын жасау ПМПК ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады: "Жеке оқу жоспары және жеке оқу бағдарламалары бойынша оқыту». Жалпы сынып жағдайында зияты зақымдалған оқушы үшін жеке оқу бағдарламасы жасалады.Оқу жоспарын дараландыру оқушының қатысуы міндетті болмайтын оқу жоспарының пәндерін (мысалы, алгебра немесе шет тілі) айқындаудан тұрады. Оқу пәні бойынша қысқартылған / жеке бағдарлама оқу тоқсанына құрылады, оның нәтижелері бойынша келесі тоқсанға арналған бағдарлама жасалады. Оқушының оқу материалын қандай қарқынмен игере алатынын алдын ала болжау қиын, бұл жоспарланғанның ішінде ең үлкен қиындықтарды тудырады. Сондықтан білім беру үдерісі барысында бағдарламаны түзету қажеттілігі туындауы мүмкін. Бағдарламаны уақытылы түзету үшін үнемі оқушының жетістіктерін бақылау қажет. Ол үшін мұғалім мен қолдау көрсету мамандары қол жеткізген жетістіктерді критериалды бағалауды іске асырады. Қысқартылған / Жеке оқу бағдарламасының мәтінінде күтілетін нәтижелер (оқушының дағдылары мен шеберлігі) түрінде тұжырымдалған Типтік оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша оқу мақсаттары және осы оқушы үшін неғұрлым тиімді оқыту әдістері мен тәсілдері көрсетіледі (қосымша-Г). Топтық талқылау барысында оқушының мүмкіндіктерін психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелерінің негізінде оқытудың мақсаты мен әдістері анықталады.
Сөйледі:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша математика пәнінің мұғалімі Рахымова Айдана сөйледі. Өз сөзінде ЕББҚ бар оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізу керектігін атап өтті. Әр баланың жеке тұлғалық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескерту керектігіне тоқталды. Сөз соңында семинарды ұйымдастырушы арнайы маманға алғысын білдірді.
Қаулы етті:
- «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу» тақырыбында өткен семинар «қанағаттанарлық» деп бағалансын.
- Семинар барысында айтылған ұсыныстар назарға алынсын.
Хатшы: Ф. Кусаинова