Ата-анамен 1 жартыжылдық ақпар » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7284) 04-60-14
Есепші бөлімі:
+7(7284) 04-60-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2023

Ата-анамен 1 жартыжылдық ақпар


Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп шағын орталығында

арнайы маманның ата-аналармен І жартыжылдық бойынша жүргізілген жұмыстар туралы

АҚПАР


   Жоспарға сәйкес 21 қыркүйек күні 1-4 сынып ата-аналарына педагог-логопед, педагог-психолог, әлеуметтік педагогпен бірлескен «Баланың бас ұстазы-ата-ана» тақырыбында пайдалы кеңес айдары өткізілді. Жиналыс барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарымен арнайы сұхбат-әңгіме жүргізілді. Ата-аналармен ойын-тренингтер ойнатылып, ата-ана тарапынан туындаған сауалдарға жауап беріліп, өзара пікір алмасты. 

    Қыркүйек айының 28 жұлдызында жоспарға сәйкес кезекті ата-аналармен жұмыс өткізілді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарынан сауалнама алынып, саралау жасалып, сауалнама қорытындысы таныстырылды. Сонымен қатар тренинг ойнатылып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

     Қыркүйектің 29-нда сұраныс бойынша ата-аналарға кеңес берілді. Атап айтқанда, Вовка Хуралай өзінің қызы Темірбекқызы Назерке жеке тұлғалық қабілетіне байланысты ойымен бөлісті. Қызының үлгермеушілігіне байланысты арнайы көмек беруін сұрады. Ата-ананың сұранысы бойынша, үлгермеушілігіне байланысты Темірбекқызы Назерке жеке сабақ кестесі жасалды. 

      Қараша айының 16 жұлдызында Айтмолда Ералының апасы Нақысбекова Алия келіп сұхбаттасты. Ералының сабақта олқылықтарының жойылып жатқандығын, атап атқанда көбейту кестесін жатқа біліп, баған түрінде көбейтіп, бөлуді үйренгендігін мақтана айта өтті. Сондай-ақ, минутына 30-35 сөзге жеткізіп отырғандығын айта өтіп, рахметін білдіре кетті. 

    Кезекті ата-анамен жиналыс желтоқсан айынң 4-нде өтті. Жиналыс барысында «Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас»тақырыбында баяндама оқылды. Одан соң ата-аналармен тренингтер ойнатылды. Ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті.

     Желтоқсанның 19-нда ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарымен І жартыжылдық жұмыс нәтижесін талқылау мақсатында ата-аналар жиналысы өтті.Талқыланып, талданды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив