2023-2024 оқу жылындағы ұстаз-ұйымдастырушының СВОТ талдауы
2023-2024 оқу жылындағы ұстаз-ұйымдастырушының СВОТ талдауы
SMART мақсаттар:
- Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
- Жаңа жобаларды қолға алу.
- Ұйым жетекшілерін жандандыру
- Спорттық- мәдени іс-шараларды көбейту.
Мықты 1. Мектеп жанынан құрылған ұйым және топтармен бірлескен жұмыстар атқарылды. 2.«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері Облыстық байқауға қатыстып, марапатталды. 3.«Ұшқыр ой» дебат клубының мүшелері «Жетісу Ділмары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен дебат сайысына қатысып, марапатталды. 4.«Өзін-өзі басқару жүйесінің мәні мен мазмұны» тақырыбындағы облыстық семинарда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. 5.Мектеп оқушыларымен «5 күнге – 5 іс-шара» жобасы тиімді болды. 6. БАҚ-на мақалаларды уақытылы жариялап отыруы. | Әлсіз 1.«Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерімен отырыс санының аз болуы. 2.«Жол полициясының жас көмекшілері» тобымен жүйелі жұмыс жүргізілмеуі. |
Мүмкіндіктері 1.Жаңа оқу жылында жаңа жобаларды қолға алу. | Қауіпті 1.Оқушылардың бос уақытын қалай өткізетіндігін толық бақылау жасай алмау. |
Шешу жолдары: 1. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Редакция» бұрышын жасау.
2. «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерімен отырыстарды көбейту.
3. Жол полициясының жас көмекшілері» тобымен жүйелі жұмыс жүргізілуін қолға алу.