SWOT талдауы » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7284) 04-60-14
Есепші бөлімі:
+7(7284) 04-60-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
август
2022

SWOT талдауы

SWOT талдауы

          Күшті жағы: 

Ø Мектептің даму жоспарының күтілетін нәтижеге бағытталуы; 

Ø Жоспарланған іс-шаралардың мақсат, міндеттерінің нақтылығы, күтілетін нәтиженің айқындығы;

Ø Ұжымда ынтымақтастықтың орнауы, психологиялық ахуалдың дұрыстығы; 

Ø SMART мақсаттардың қойылуы;

Ø Деңгейлік және жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан  өткен   мұғалімдердің болуы, олардың мектепке өзгеріс енгізуге өз идеяларын қосып, жаңа бағытта жұмыстардың жүргізілуі;

Ø Барлық сыныптарда білім беру бағдарламасы мемлекеттік стандартқа сәйкес жүргізілуі;

  • Дарынды балалармен жұмыс жоспарға сай жүргізіліп, дарынды оқушылардың жетістіктерінің бар болуы ( аудандық пән олимпиадасы – 12 оқушы, облыстық пән олимпиадасы-1оқушы, облыстық жасөспірімдер арасындағы химия пәнінен -1 оқушы,  Білген аламан облыстық кезең-  64 оқушы, аудандық зерде ғылыми жоба  -    6 оқушы, әртүрлі олимпиадаларға – 120 оқушы)  
  • Мектептің жалпы білім сапасының (70,3%) жоғары болуы;
  • Мұғалімдердің білім саласына енгізіліп жатқан ақпараттар көзімен таныс болуы, сабақта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруі; 
  • Білім сапасындағы олқылықтардың орнын толтыру, үлгерімі төмен оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында көктемгі демалыс уақытында «Кезекші сынып» жобасы, жазғы демалыс кезінде «Жазғы мектеп» жобасы, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарына сәйкес, балаларды мектепке дайындау кезінде балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру мақсатында «Балақайлар мектебінің» іске асуы;
  • «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында  көмекші мектеп, жетекші мектеп.
  • Кербұлақ ауданы әкімінің «Жыл үздігі  -2021» қорытындысы бойынша мектебіміз «Үздік мектеп» номинациясы бойынша марапатталуы ; 
  • Мектептің 35 педагогы біліктілік арттыру курсынан өтіп, «Soft skills»  дағдыларының негізінде тиімді жұмыстар ұйымдастырылды; 
  • Пәндер бойынша ассоциация топ құрамындағы  мұғалімдердің педагогикалық инновациялық іс-тәжірибелері аудан көлемінде таратылуы;
  • 11 сынып түлектерінің 5 пәннен ҰБТ  тапсырған 8 оқушының  6 оқушысы мемлекеттік грант иегері атануы;
  • Балалар жылына арналған «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Жер жұмағы ен дала, ел сұлуы – қыз бала» атты «Қыз Жібек -2022» облыстық  байқауы өткізілуі. 
  • Озық іс-тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату жұмыстарының дұрыс жолға қойылуы;

Ø Мектептегі сынып кешендерінің тұрақтылығы;

Ø Қоғамдық орындар және ата-аналармен қарым-қатынастың бар болуы;

Ø Педагог мамандардың АКТ құзіреттіліктерінің дамуы;

Ø Электронды журнал «Күнделік KZ» мониторинг әр күн сайын, әр апта сайын (Әкімшілік отырыс) жүргізілуі

Ø Мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдердің   қолдау көруі.

Ø Атқарылған жұмыстардың ғаламтор беттеріне көп жариялануы;

           Әлсіз жағы: 

Ø Жекелеген педагогтарының өзгерістен қалыс қалуы, қазіргі заман талабына сай өзгермелі өмірге уақытылы бейімделе алмауы;

Ø 5-11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерінің біліктілік санатарының төмендігі (жоғары, 1-ші, зерттеуші, сарапшы, модератор педагогтар)  37% құрауы;

Ø Оқушылардың  дарындылығын жоғарғы дәрежеде дайындамауы, пән олимпиадалары бойынша облыстық, республикалық кезеңге жолдама алмауы;

  • «Алтын белгі» төсбелгісіне, «Үздік аттестатқа» үміткер оқушыларды пән мұғалімдерін толыққанды дайындамауы;
  • Жаңа модификациялық кабинетінің құралдарының ескіруі және пән мұғалімдерінің толық қолдана алмауы ;


  • Интернет желісі жылдамдығының жоғары еместігі; 
  • Интернет желісінің әлсіздігінен білім порталдарынан   «Мektep online», «BilimMediaGroup» сайттарындағы материалдарды педагогтардың жүйелі пайдаланбауы, қажетті ресурстарды толық ала алмауы;Мектептегі әдістемелік жұмыстың жоғары деңгейде жүргізілмеуі,шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың аздығы;
  • Жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен қоғамдастықтың жұмысы өз деңгейінде жүргізілмеуі;
  • Зерттеу сабақтарының ұйымдастырылмағаны, өткізілмегені;
  • Педагогтар мен білім алушылардың мультимедиялық құрылғылармен қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі.
  • Бейіндік пәндерді оқытуда 10-11 сыныптарда элективті   курстардың, 1-4 сыныптарда белсенді қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар, 5-9  элективті курстар  бойынша авторлық бағдарламалардың бекітілмеуі;

Ø Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық туралы фактілердің орын алуы;

Мүмкіндігі: 

Ø Білім беруді дамытудың бағдарламаларын жүзеге асыру;

Ø «Күнделік KZ» жүйесі, «Білім Land» сайдтарымен нәтижелі жұмыс жүргізу;

Ø Деңгейлік курстан өткен педагогтармен кәсіби қоғамдастық құрып, оқу мен оқыту үдерісіне өзгеріс енгізуге ықпал ету;

Ø Білім алушыларды өз бетінше білім алуға ынталандыру арқылы білім сапасын арттыруға, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу; 

Ø Педагогтар мен білім алушыларды ғылыми-ізденіс жұмыстарға тарту және дарындылық қабілеттерін арттыру бағытындағы жұмысты дамыту;

Ø Мектепте ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы басылым беттеріне және ғаламторға уақтылы жариялау;

Ø Халықаралық зерттеулерге қатысуға дайындық жұмыстарын жүргізуге, білім алушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау;

Ø Педагогтар мен білім алушылардың АКТ құзіреттіліктерін дамыту, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын уақытылы меңгеру.

Қауіпі: 

Ø Арнайы мамандардың ( дефектолог, логопед) қызметіне жүгінетін білім алушылардың санының артуы;

  • Ақпарат құралдары арқылы таратылып жатқан террористік, жат ағымдағы діндердің ашық жариялануы, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықпен тосын жағдайлардың орын алуына әсер ету.
  • Химия пәнінің мұғалімі Д.Таттимбетова, биология пәнінің мұғалімі А.Усембекованың үштілділік аясында жұмыстардың тоқтауы;



SMART МАҚСАТТАР:

  1. Білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын басшылыққа ала отырып, 1-11 сынып оқушыларының білім сапасын арттыру, оқушыларды өз бетінше білім алуға ынталандырып, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу. 
  2. Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесін дамыту арқылы педагогтардың белсенділігін арттыру, шығармашылығын дамыту, құзіреттілік деңгейін көтеру;
  3. Жетекші мектеп, көмекші мектеп ретінде қоғамдастық жұмысын дамыту, нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу, ғылыми-әдістемелік бірлестік жұмысын жандандыру; 
  4. Функционалдық сауаттылық негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру,әдістерді жетілдіру жолдарын қарастыру.
  5. ҚР Конституциясын мойындайтын, ҚР мемлекеттік рәміздерін қастерлейтін, Отанын, тілін, халқын сүйетін, құқықтық сауатты, бойында патриоттық, азаматтық рух қалыптасқан, мәдениетті азамат тәрбиелеуді жалғастыру.
  6. 5-11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерінің біліктілік санаттарын көтеру
  7. Білім алушыларды ғылыми-ізденіс жұмыстарға тарту және дарындылық қабілеттерін, қызығушылықтары арттыру бағытындағы жұмыстарды дамыта отырып жалғастыру, республика деңгейіне шығару (5 білім алушы);
  8. Отбасы тәрбиесі негізінде баланы жан-жақты дамуға, адами қасиеттерді бойына сіңіруге, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды түйсінуге тәрбиелей отырып, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын жалғастыру;
  9. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жандандыру. Тәрбие сағаттарында    

 алған білімдерін өмірде  қолдану мүмкіндіктерін дамыту;

  1. ҚР «Білім мен Ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», «Педагог 

мәртебесі», «Білім туралы» Заңдарын жүзеге асыру;

  1. Мектеп  оқушылары арасында қудалаудың / буллингтің / алдын алу, тәрбиенің өзекті мәселесі кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу;
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив